Главная » Статьи » Физика

Штерн тәжірибесі.Опыт Штерна

Штерн тәжірибесі.

  ТОЛЫҚ НҰСҚАНЫ ЖҮКТЕУ/Скачать Полную версию

1920 жылы О.Штерн молекулалардың жылулық қозғалысының жылдамдығын тәжірибе арқылы өлшеді.

Сол тәжірибесі бойынша газдардың кинетикалық теориясының дұрыстығы дәлелденді.

 

Тәжірибе жасау үшін Штерн арнайы құрылғы жасады. Құрылғы бір осі бар радиустары әр түрлі цилиндрлерден(коаксиалды) тұрды.  Кіші цилиндрге ось бойымен күміс қабаты бар платиналық сым орнатылған. Цилиндр ішінде төмен қысымды орнату үшін, ауаны сорып алады.(Қ. Төмен қысымның орнатылуының қажеттілігі: күміс атомдары ешбір үйкеліссіз сымнан  жан- жақтарға  ұшу үшін)

   Сымнан токты өткізгенде, сым күмістің балқу температурасына дейін қызып, күміс атомдары буланып, белгілі бір жылдамдықпен ϑ  цилиндрдің ішкі жағына түзусызықты және бірқалыпты ұшады.

   Ішкі цилиндрде атомдар сыртқы цилиндрге бөгетсіз  ұшу үшін көлденең саңылау жасалынған. Цилиндрдің қабырғалары, күміс атомдары соқтығысқаннан кейін жабысу үшін, суытылып отырған. Сол күйде үлкен цилиндрің ішкі қабырғасында ішкі цилиндрдегі саңылауға қарама- қарсы бағытта, айқын көрінетін күміс жолақша пайда болады.

Қазақшаға аударған: Жакупов Н.



Источник: http://ru.wikipedia.org/wiki/Опыт_Штерна
Категория: Физика | Добавил: nurddl (10.04.2012) W
Просмотров: 5931 | Теги: опыт штерна на казахском, штерн тәжірибесі, физика штерн | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]