Уильям Томсон
1824 - 1907


Уильям Томсон (Thomson, william), лорд Кельвин (1824 - 1907) - ағылшын физигi, термодинамиканы қалаушыларының бiрi. 1824 ж. 26 маусым айында Белфастта (Ирландия) дүниеге келдi. Глазго университетiн бiтiрiп, Кембридж университетiне оқуға түседi. 1846 ж. Глазго университетiнiң жаратылыстану кафедрасын иеленедi. Физика кафедрасын 53 жыл бойы басқарып, өмiрiнiң соңғы жылдарында университеттiң президентi болады.

Томсон көзқарасына термодинамика, гидродинамика, электромагнетизм, серпiмдiлiк теориясы, жылу, математика, техника салалары кiрдi. Студенттiк кезiнде Томсон Фурье қатарының физика салаларында қолданылуы жайлы бiрнеше статьяларды жариялады. Парижде стажер болып жүрiп, «айналы бейнелеу» атын алған, электростатиканың есептерiн шығару әдiсiн тапты(1846). 1851 ж. (Р.Клаузиустан тәуелсiз) темродинамикның екiншi бастамасы теориясын тұжырымдады. Энергияның диссипациясы түсiнiгiн енгiздi. Электромагниттiк тербелiс теориясының негiзiн және 1853 ж. контурдың өзiндiк тербелiсінiң периодының оның сыйымдылығы мен индуктивтiлiгiнен тәуелдiлiгiн қалады (Томсон формуласы). 1856 ж. үшiншi термодинамикалық эффектiсiн ашты (алғашқы екеуi – Электр Қозғаушы Күшiнiң (ЭҚК) пайда болуы мен Пельтье жылуының бөлiнуi), температура градиентi бар кезiндегi өткiзгiш бойымен тоқтың өтуiнiң нәтижесiнде «Томсон жылуының » бөлiнуiнен тұратын, Томсон эффектiсi.

Алғашқы трансатлантикалық кабельдердi төсеуде бас ақыл берушi ғалым болды. Бiрқатар электрометрлiк құралдарды ойлап тапты: «кабельдiк» гальванометр, квадратты және абсолютты электрометрлер, мареограф (теңiздер мен өзендер суының биiктiгiн тiркейтiн құрал).

1892 ж. Томсонға барон титулы берiлдi. 1896 ж. Санк-Петербургтағы Ғылым Академиясына мүше болып сайланды.

Уильям Томсон Ларгсте (Шотландия) 1907 ж. 17 желтоқсанда қайтыс блады.