Галилей Галилео
1564 - 1642

Г.Галилей – итальян физигi және астрономы 1564 ж. Пизада дүниеге келген. 1581 ж. Пиза университетiне түсiп медицинаны оқиды. Бiрақ геометрия мен механикаға, соның iшiнде Архимед пен Евклидтiң жұмыстарына қызығып, университеттi тастап кетедi де, Флоренцияға келiп, 4 жыл өз бетiнше математиканы оқиды. 1589 ж бастап Пиза университетiнiң, 1592-1610 ж.ж. Падуан университетiнiң профессоры болады. Г.Галилей ғылыми ойды дамытуда орасан зор роль атқарды. Ол физиканың дамуында үлкен роль ойнаған механиканың екi принципiн ашты. Ол – тiк сызықты және бiрқалыпты қозғалыс үшiн салыстырмалылық принципi мен ауырлық күшiнiң үдеуiнiң тұрақтылық принципi.

1609 ж. Галилей инерция заңын, еркiн түсу заңын, 1604-1609 ж.ж. көлденең (наклонный) жазықтық бойынша дене қозғалысын, горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын орнатты, қозғалыстың қосу заңын және маятниктiң тербелiс периодының тұрақтылық заңын ашты.

1609 ж. көру трубасын ойлап тапты. Оның физикалық зерттеулерi, сонымен қатар, гидростатиканы, материалдар берiктiгiн зерттеуге арналған.