Бальмер Иоганн Якоб
1825 - 1898

Швейцариялық физик және математик И.Бальмер 1825 ж. Лозаннада туылған. Ол Базельде, Карлсруэде, Берлинде оқыған. 1849 ж. Базель университетiнде доктор дәрежесiн алады. 1859 ж. бастап орта мектепте сабақ бередi және 1865-1890 ж.ж. Базель университетiнде жұмыс iстейдi.

Бальмердiң физикалық жұмыстары спектроскопия саласында болған. Сутегi атомының спектрлiк сызықтарындағы заңдылықты бақылап, 1885 ж. сутегi атомының спектрiнiң көрiнетiн бөлiгiнiң толқын сызықтарының ұзындықтары бiр-бiрiмен сутегiнiң барлық сызықтырының толқын ұзындығын анықтайтын мүмкiндiктi беретiн қарапайым байланыспен байланысатынын көрсеттi (Балмер формуласы).