Н.Г.Басов
1922 ж. туылған


Н.Г.Басов – орыс физигi, кванттық электрониканың негiзiн құраушылардың бiрi. 1950 ж. Москва инженерлi-физикалық институтын бiтiрiп, СССР ғылым академиясының физика институтында қызмет еттi. 1963 ж. бастап Москва инженерлi-физика институтының профессоры болып iстедi.

Ол сәуле шығаруды кванттық жүйелермен күшейту және генерациялау принципiн ашты, жиiлiк стандартының физикалық негiзiн құрды.

1954 ж. А.М.прохоровпен бiрге аммияк молекулаларының шоғында алғаш кванттық генератор құрды. Осы жұмыстары және американ физигi Ч.Таунс зерттеулерi кванттық электрониканың дамуына ықпалын тигiздi. Басов лазерлерде жартылай өткiзгiштi қолдану идеясын ұсынды.

 1961 ж. лазердi термоядролық синтезде қолдану мүмкiндiгiне көңiл аударып, оның жұмыстары лазерлiк термоядролық синтез әдiстерiн құруға алып келдi. 

1963 ж. лазер жүйелерiнiң жылулық қозуының жаңа тәсiлдерiн орнатып, кейiнiрек химиялық кванттық генераторлары бойынша зерттеу циклiн бастады.