Джеймс Максвелл
1831 - 1879

Джеймс Максвелл 1831 ж. 13 маусым күнi Эдинбургте дүниеге келдi. Джеймстi Эдинбург академиясы атты мектебiне оқуға бередi. Максвелл академияны бiтiрiп Эдинбург Университетiне түседi.

1856 ж. күзiнде Максвелл Абердиндегi Маришаль – Колледжiне физика пәнiнiң профессоры қызметiне жұмысқа тұрады. 1857 – 1859 жылдары ғалым Сатурнның сақиналарының қозғалысын зерттейдi.

1860 ж. Максвеллды Лондандағы Кинг – Колледжiне натурал философия ғылымының профессоры қылып сайлайды. Лондондық кез «Газдың динамикалық теориясының түсiнiктемесi» атты үлкен еңбегiнiң 1860 ж. жариялануымен танылды. Электромагниттiк өрiс теориясына байланысты «Физикалық күш сызықтары жайында»(1861- 1862) және «Электромагниттiк өрiсiнiң динамикалық теориясы»(1864 – 1865) – деген екi еңбектерi жарияланды. Максвелл ойлап тапқан жарықтың электромагниттiк теориясы, электростатикалық және элетромагниттiк электр бiрлiктерiнiң қатынастарының жарық жылдамдықтарына сәйкес келуiне негiзделгендiктен, ол рационалдық системасының электр бiрлiгiне қызығушылық танытты. Максвелл Британ Ассоциациясының мүшесi болып сайланады.

1871 ж. «Жылу теориясы» атты еңбегi шыққан соң Максвеллды жаңадан құрылған эксперименталды физика кафедрасын басқаруды ұсынады. Ол келiсiмiн бергеннен кйiн 1871 ж. 8 наурызында Кембридж Университетiне Кавендиш профессоры болып тағайындалды. 1873 ж. «Электр және магнетизм трактаты»(2-томды) – атты Максвеллдың басты еңбегi және ғылыми еңбектерiнiң творчестволық шыңы болып табылады. Бұл еңбегiнде Максвелл 1854 жылдан берi жиналған электромагнетизм теориясының қорытындысын шығарды. Ол алыстан және жақыннан әсер ету теорияларының тартыстарын қорытындылайды. Кiтаптың соңғы бөлiмiн Ньютонның өмiрi кезiнде басталған, қашықтықтан әсер ету теориясына арналған.

Максвеллдың басты қорытынды ойы: Айнымалы токпен қоздырылатын, айнымалы магнит өрiсi, қоршаған ортада электр өрiсiн тудырады, ол өзiнiң тарапынан, магнит өрiсiн қоздырады, және т.с.с. Өзгеретiн электр және магнит өрiстерi, бiрi-бiрiн тудыра, жалпы бiр электромагниттiк өрiс тудырады – электромагниттiк толқын.

Джеймс Максвелл 1879 жылы 5 қараша айында қайтыс болады.