Гюйгенс Христиан
1629 - 1695


Х.Гюйгенс – голландиялық физик, механик, математик және астроном. Ол 1629 ж. Гааге қаласында туылған. 1645-1647 ж.ж. Лейден университетiнде және 1647-1649 ж.ж. Бред университетiнде оқыған. 1665-168 ж.ж. Парижде тұрып, Париж ғылым академиясының мүшесi болып тағайындалады, 1681 ж. бастап Гаагада тұрады.

Гюйгенстiң физикалық зерттеулерi механика, оптика, молекулалық физика салалары бойынша болды. Ең алғаш 1656 ж. маятниктi сағатты ойлап тапты. Физикалық маятниктiң тербелiс центрiн және оның тербелiс периодын анықтау бойынша есеп шығарды. Сонымен қатар серпiмдi денелердiң соқтығысуын зерттеп, 1669 ж. оның заңдарын қорытты және "тiрi" күштердiң қозғалыс мөлшерiнiң сақталу заңын орнатты.

1678 ж. жарықтың толқындық теориясын ашты. Жарықтың таралу механизмiн түсiндiрiп, өзiнiң атымен аталатын әйгiлi принципiн ашты (Гюйгенс принципi). "Кристалл осi" деген түсiнiктi енгiздi. 1678 ж. жарық поляризациясын ашты.

1665 ж. Р.Гукпен бiрге термометрдiң тұрақты нүктелерi – мұздың еру нүктесi және судың қайнау нүктесiн орнатты. 1667 ж. су қатқан кезде ұлғаятынын көрсеттi.