Густав Герц
1887 - 1975


Немiс физигi Г.Герц 1887 ж. Гамбургте дүниеге келген. 1911 ж. Мюнхен және Берлин университеттерiн бiтiрiп, 1913-1920 ж.ж. Берлин университетiнде жұмыс iстедi. 1920-1925 ж.ж. Филлипс заводының лабораториясында, 1925-1927 ж.ж. Галл университетiнiң профессоры, 1928-1935 ж.ж. Берлиндегi жоғарғы техникалық мектепте, 1935-1945 ж.ж. Берлиндегi Сименс ғылыми зерттеу лабораториясын басқарды, ал 1945-1954 ж.ж. СССР-де жұмыс iстедi. 1954-1962 ж.ж. Лейпциг университетiнiң физика институтының директоры және профессоры болып қызмет еттi.

Герцтiң негiзгi зерттеулерi спектроскопия саласында болды. 1912-1914 ж.ж. Дж.Франкпен бiрге электрондардың газ атомдарымен соқтығысуы бойынша бiрнеше тәжiрибелер жүргiздi (Франк-Герц тәжiрибесi).

Г.Герц рентгендiк жұтылу спектрлерiн зерттедi. Диффузия бойынша, электрондық эмиссияда, плазма физикасында ультрадыбыс және жартылай өткiзгiш бойынша көптеген зерттеулер жүргiздi.