Вильсон Чарлз Томсон Риз
1869 - 1959

Ағылшын физигi Р.Р.Вильсон 1869 ж. Гленкорседе туылған. 1892 ж. Кембридж университетiн бiтiредi. 1900-1934 ж.ж. Кембридж университетiнде жұмыс iстейдi.

Оның жұмыстары молекулалық, атомдық және ядролық физикаға арналған.

1897 ж. белгiлi бiр шарттарда әрбiр зарядталған ион су буының конденсация центрi болатынын көрсетiп, будың конденсациялану әдiсiн ашты.

1912 ж. зарядталған бөлшектердiң iздерiн (тректерiн) суретке түсiру және бақылау үшiнқұрылғы – Вильсон камерасын құрастырды. Осы зерттеуi үшiн Нобель сыйлығын алды.