Главная » Файлы » ЕНТ!!!

Қазақстан Тарихы!!!
28.02.2012, 19:35

МЫСАЛЫ

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

-Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы негізінен үш кезеңге тұрады:

1) – Ерте ортағасырлық кезең. –VІ- ІХ ғғ.

2) – Дамыған ортағасырлық кезең – Х-ХІVғғ.

3) – Кейінгі ортағасырлық кезең. – ХV- ХVІІ ғғ

 

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

І. Түрік қағанаты

ІІ. Батыс Түрік қағанаты. Шығыс Түрік қағанаты

ІІІ. Түргеш қағанаты. Қарлұқ қағанаты

ІV. Оғыс мемлекеті. Қимақ қағанаты

 

ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ

552-603жж.

Түрік қағантаның саяси тарихы, жер аумағы

1. «Түрік»  этнонимі алғаш рет кездеседі: 542 ж Қытай жылнамаларында

2.  545 жылы түрі қолбасшысына бейбіт қарым- қатынас орнату үшін келген: Қытай елшісі

3.  552 жылға дейін түріктер Жужан қағандағына тәуелді болып, салық ретінде  темір төлеген

4.  552 жылы Жужан қағаны Анағұйды жеңіп, «елхан» деген атақ алған, Түрік қағанатының негізін салушы: Бумын

5.  Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды: Жужан қағандығын талқандағаннан кейін

6.  Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет: Түрік қағанаты

7.  552 жылы Бумын қаза болғаннан кейін Түрік қағаны болған: Қара –Еске (552-553)

*  Қара Еске аварларды (жужандарды) екінші рет жеңеді Орхонның  жоғарғы жағындағы Букрат тауларында.

8.  552-554 жылдары (553) жужандар мүлде бас көтерместей болып жеңілді: Мұқан қағаннан (553-572)

9. Түріктер ұлы даланың шығыстағы қожасына айналды: Жужан қағанатын жеңгеннен кейін

10. VІ ғасырда  10 түмен  қол бастап, түріктердің батыс жорығын  бастаған Бумын қағанның інісі: Іштеми (жабғу)

*  555 жылы түріктер жол бойы ешбір тегеуріңді қарсылық көрмей, Арал теңізіне дейін жетті.

11. Орта Азияда түріктерге қатты  қарсылық көрсеткен:  Эфталиттер

*  Эфталиттер- Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан Орта Азияның  отырықшы тайпалары.

12.  561-563 жылдары түріктердің эфталиттерге қарсы одақ құрған: Иран

13.  Түрік қағанатының эфталиттермен соғыс жылдары: 563-567 (Бұхара түбінде)

14.  10 түмен қол бастаған Иштемидің бағындырған елі: Соғды (ху елі)

* 568 жылы Константинопльге барған Түрік қағанатының елшілігін басқарған: Соғды көпесі Маниах

15.  568 жылы Түрік қағанаты Византия мемлекетімен әскери одақ құрды: Иранға қарсы

16. VІ ғасырдың 70- жылдары Түрік қағанатының  батыстағы шекарасы жетті: Қара теңізге дейін

17. Түрік қағанатының Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, күшті мемлекетке айналған уақыты: VІ ғ 70 жылдары.

18. 570-580  жылдары Түрік қағанатының  шығыстағы саяси ықпалының күшті болғанын көрсететін жағдай: Қытай мемлекеттерінің Түріктерге салық төлеуі.

* Қытайлардың бір жағының өзі түріктерге жылына 100 мың тең жібек матасын төлеген.

19. Қытай елінің билеушілері қымбат бағалы сый- сияпат жасады: Мұқанға

* 581 жылы Тобо(Арслан) қаған қаза болғаннан кейін, қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды.

20. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс  Түрік қағанаты болып екіге бөлінген уақыты: 603 жыл

 

 

 

•Халқы

21. Түрік қағанаты халқының негізгі құрамы болған тайпа:   Теле

* Түрік қағанатының құрамына отыздан (30) аса теле тайпасы болған.

22. Теле- түрік тайпаларының ортақ атауы

23. «Теле» сөзінің мағынасы- Түрік

 

•Шаруашылығы мен мәдениеті

24. Түрік қағанаты айналысқан шаруашылығы: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы

25. Түріктердің басты көлігі: жылқы

* Түріктердің Жетісу мен Орта Азия жерлеріндегі қалалық өмірмен танысып, кейбір бөліктерінің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді:

* Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда түріктердің тұрақты үй- жайлары, Тараз маңайынан қыстақ- кенттер табылды.

* «Күлтегін» ескерткішінде қала туралы сөздер кездеседі.

26. Ең алғашқы кезендерде (V- VІІғғ) түріктердің жерлеу рәсіміне тән:  мәйіттерді өрттеген (кремация)

* Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанына Византия елшісі  Земархты жанып  тұрған оттың арасынан  өткізіп  барып кіргізуінен көрінеді.

* Түрік садақтары болды: құрамалы.

 

 

 

БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ

603-704 жж.

•Батыс Түрік қағанатының жер аумағы

27. Батыс Түрік қағанатының құрылған уақыты: 603ж.

28. Батыс Түрік қағанатының шекарасы солтүстік батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысынан  бастап, оңтүстік шығысында жетті: Іле мен Шуға

* солтүстік- шығыста- Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығы

* оңтүстік- батыста Тарым, Әмудария өзендері.

29. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзенінің бойындағы: Суяб

30. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы: Мыңбұлақ

31. Батыс Түрік қағанатының негізгі этникалық саяси ұйытқысы: Қаратаудың шығысынан Жоңғарияға дейінгі жерді мекендеген: оң оқ бұдун (он тайпа)

32. Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар: 5 дулу мен 5 нушиби

33. Батыс Түрік қағанатының өзге атауы: Он тайпа елі

 

 

 

•Қағанаттың саяси жағдайы

34. Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі: Тардуш (Дато)

* Тардуш қаған шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты

35. Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі:

*Шегу (610- 618 жж.)

* Тон (618- 630 жж.)

* Шегу қаған мемлекеттің шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, батыста Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді.

36. Батыс Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған: Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.

37. Тон қағанның Батыс Түрік қағанатында салық жинауға бекітілген  жергілікті адамдарға берген атағы: Селиф

* Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген қаған: Тон

38. Батыс Түрік қағанатындағы селифтер: салық жинаушылар

39.  Батыс Түрік қағанатының Иранға қарсы одақтасты: Византия

40. Батыс Түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы саяси беделін көтерген жағдай: 627 жылы Византияға әскери көмек  көрсетуі

41. 634 жыы нушеби тайпасының қолдауымен билік басына келген: Ешбар Елтеріс

* Ол «он тайпа»- «он оқ бұдун» жүйесі енгізді.

42. Батыс Түрік қағанатының әлсірегендігін пайдаланып, 659 жылы Жетісуға басып кірген: Қытай (Тан)

43. VІІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ ғасырдың басында Үшліктің Тан империясына қарсы жүргізген соғыстарының нәтижелі болуы, түргеш тайпасының  беделін көтерді.

 

• Қағанаттың әлеуметтік жағдайы

44. Ерте түрік феодалдық мемлекеттердің атауы: Қағанат

45. Қағанның билігі шексіз және мұрагерлік жолымен берілді. Түрік қағандары Ашина руынан шыққан

* Қағаннан кейінгі билік қаған сайлаған ұлыққа берілді.

46. Батыс Түрік қағанатында ябғу, шад, елтебер атағы берілді: қаған руынан шыққандарға

47. Батыс Түрік қағанатында сот қызметін атқарушылар: тархан (бұйрық)

48. Батыс Түрік қағанының жергілікті жерлердегі негізгі тірегі: Бектер

49. Батыс Түрік қағанатындағы «қара- бұдундар»:  қарапайым халық

50. Батыс Түрік қағанатында алым салық төлейтін, ауыртпалықты көп көтерген: қара бұдундар

51. Батыс Түрік қағанатындағы «тат» сөзінің мағынасы: құл

52. Салықтың «қанмен өтілетін» түрі дегеніміз: Тәуелді тайпаларының адамдары майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген

 

•Шаруашылығы

·        Батыс Түрік қағанаты шаруашылығының негізін құраған: маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы

53. Түріктер жаппай отырықшылана бастады: VІІ ғ басы.

54. Ерте орта ғасыр кезінде Қазақстанда қала мәдениетінің дамуында негізгі рөл атқарған: соғдылар

* Батыс Түрік қағанаты жерінде жібек саудасының дамығандығы туралы жазған қытай монахы: Сюань Цзянь(629ж.)

* Ол :«Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген  нөкерлері де қамқадан желбегей  шапанда жамылған, қандай тамаша көрініс»,- деп таңданады.

 

ШЫҒЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ

682-744жж.

55. 682 жылы Қытаймен жүргізген соғысының нәтижесінде өз мемлекетін қалпына келтірген: Шығыс Түріктер

56. 682 жылы шығыс түріктері өз мемлекетін қалпына келтірді: Моңғолияда

57. 682-744 жылдары Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, оңтүстік Сібір жерлерін алып жатқан мемлекет: Шығыс Түрік қағанаты

58. Шығыс- Түрік қағанатының алғашқы қағаны: Елтеріс атанған Құтлық

59. Шығыс- Түрік қағанатының күшейген кезі: Білге қаған, Тоныкөк.

60. 742 жылы қарлұқтар басмыл және ұйғырлармен бірігіп Шығыс Түрік қағанатын жеңді. Нәтижесінде Моңғолияда құрылған жаңа мемлекет: Ұйғыр қағанаты

Категория: ЕНТ!!! | Добавил: nurddl | Теги: мкачать история Казахстана, Қазақстан тарихы, тарих
Просмотров: 13405 | Загрузок: 26 | Комментарии: 9
Всего комментариев: 9
9 Asel  
0
коп-коп рахмет сизге!

7 FARI  
0
ТАРИХ 8 ПОД ТАЛАПКЕР деген файлда ҰЙҒЫРЛАР МЕН ДҮНГЕНДЕРДІ ЖЕТІСУҒА ҚОНЫС АУДАРУ тақырыбының 78 сұрағының жұлдызшасында қате бар. Іле өлкесінде құрылған: ІЛЕ СҰЛТАНДЫҒЫ. АЛ СЕН ДҮНГЕНДЕР ШЫҒАР деп қойыпсын

8 nurddl  
0
Қатемізді көрсеткеніңіз үшін рахмет!

6 FARI  
0
KOP RAHMET

5 PIKO  
0
jalgasi kai jaginda tur?

1 Меруерт  
0
Жалғасы бар ма???

2 nurddl  
0
йа, жалғасы файлдың ішінде, мұнда тек үзінді келтірілген

3 Меруерт  
0
керемет!!!!рахмет!!!!!

4 nurddl  
0
ҰБТ-ны жақсы тапсырыныз)

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]